ҚР, Астана қ., К. Әзірбаев к., 2/1
8 (7172) 34-60-26, 8 702 908 67 77
Меню

Астана қаласы әкімдігінің «№67 «Шұғыла» балабақшасы» мкқк

Біртұтас тәрбие

>Балабақшамызда «Біртұтас тәрбие» бавғдарламасы аясында «Тәрбие -талбесіктен!» атты іс-шара өтті. Тәрбиеленуші сәбилерді рухани ізгі қасиеттерге баулып, тәрбиенің көздері ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеуге халықтың салт –дәстүрлерін аялай білуге, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу болып табылады. Сәбилердің жас ерекшелігін ескере отырып, елін-жерін қорғауда атадан балаға мирас болып қалған тарихын салт-дәстүрін, ана тілін қастерлеу, үлкенге-құрмет, кішіге-ізет көрсетуін мұра етіп, тәуелсіз еліміздің парасатты, адамгершілігі биік білімді азаматтарын тәрбиелеуде адами қасиеттерді қамтып, білімді ұлттық қасиетті түсінетін тұлға тәрбиелеу. "Қайырымдылықты - халықтан, пайымдылықты-қариядан үйрен" деген ұлтымыздың тал бесіктен жер бесікке дейінгі екі аралықтағы өмірінің мәні боларлық адами қасиеттермен әдет ғұрыпты үйретіп, алдағы өмірлерінде арқау болатынын ұғындыру маңызды.

<

<

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны №67 «Шұғыла» балабақшасы
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны №67 «Шұғыла» балабақшасы