Наурыз мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасына қарасты №67 «Шұғыла» балабақшасында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ІІ қалалық «Бестемше» ұлттық ойыны жарысының аудандық кезеңі 2022-2023ж. ұйымдастырылды.
Жарысты ұйымдастырушы «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Қабілет» қызметі бөлімінің педагог - психологі Аубакирова Гүлзат Алдабергенқызы үлкен алғыс.
«Бестемше» ұлттық ойыны жарысының төрешілері дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының мамандары Шотаев Махсат Есенбекұлы және Турсунов Айдын Ануарбекұлы.
Бестемше – әлемдік мәдениетте озық ойындар үлгілерімен ой таластыратын, логикалық ойлау өнерін, ой өрісін кеңейтетін, ақыл – ойын кемелдендіретін бірден-бір ұлттық рухани ойын. Ұрпақ, салт-дәстүр сабақтастығы ұлттық құндылықтарымызбен маңызды.