№67«Шұғыла» балабақшасы 2013 жылдың 10 қаңтарында, Қ. Әзірбаев көшесі 2/1 мекенжайында ашылды. 12 топта 280 бала болды. Балабақшаны меңгеруші Байменова Гульжамал Пердебаевна ашты.
2015 жылы 40 балаға арналған шағын орталық топтары ашылды.
2015 жылы 10 шілдеде балабақша меңгерушісі болып Даримова Фарида Амангелдіқызы тағайындалды. Ол кезде балабақшада жалпы білім беретін 12 топ және шағын орталықта 2 топ жұмыс істеді.
2019 жылы Нұрсұлтан қаласы Білім басқармасының бұйрығымен инклюзивті топтар ашылды.
СЭС қорытындысы бойынша 2022 жылдан бастап балабақшаның қуаттылығы 300 балаға дейін ұлғайтылды.
2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау жүзеге асырылды. Ротация қорытындысы бойынша,
17.08.2022 ж. Білім басқармасынын № 685ЖК бұйрығымен «Шұғыла» балабақшасына Джуматаева Айман Дахаровна тағайындалды.
2023 жылы қаланың атауы Астана болып өзгертілді.
2023 жылдан бастап, Астана қаласының №67 «Шұғыла» балабақшасы МКҚК - 300 балаға арналған 12 топта инклюзивті 9 топта ерекше білім беру қажеттіліктері бар 12 бала тәрбиелеп отыр.