ҚР, Астана қ., К. Әзірбаев к., 2/1
8 (7172) 34-60-26, 8 702 908 67 77
Меню

Астана қаласы әкімдігінің «№67 «Шұғыла» балабақшасы» мкқк

Жұмысқа қабылдау кезінде жұмыскер құжаттарының түпнұсқалығын қалай тексеру керек

Жұмысқа қабылдау кезінде жұмыскер құжаттарының түпнұсқалығын қалай тексеру керек

Құжаттардың түпнұсқалығын тексеру үшін құжат берген ұйымға жүгініңіз. Егер сұраным жіберсеңіз, жұмыскердің келісімін алыңыз, себебі ресми жауапта оның дербес деректері көрсетіледі.

Жұмысқа қабылдау кезінде құжаттар түпнұсқалығын қайда және қалай тексеру керек

Құжат түрі

Ақпаратты қайдан аламыз

Не істеу керек

Білімі туралы құжат

dv.iac.kz. сайтынан

Жұмыскердің оқу орнында оқығанын әрі оқу қорытындысы бойынша білім туралы құжат алғанын біліңіз

Білімі туралы құжатта деректемелері көрсетілген оқу орнынан не осы оқу орнының құқықтық мұрагерінен

Оқу орнына сұраным жіберіңіз. Осыған алдын ала жұмыскердің келісімін алыңыз

Жеке куәлік

Көші-қон мәселесі бойынша ІІМ бөлімінен не eGov mobile мобильді қосымшасынан

Құжаттың түпнұсқалығын «QR-кодтың көмегімен ашу» қызметі арқылы тексеруге болады

Еңбек кітапшасы

Жұмыскер бұрын жұмыс істеген ұйымнан

Жазбалардың шынайылығына қатысты күмәніңіз болса, ұйымға сұраным жіберіңіз

Сотталмағаны туралы анықтама

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан

Жұмыс беруші азаматтың сотталғанын электрондық үкімет арқылы ЖСН-і бойынша онлайн режимде тексере алады. Бірақ жұмыскер осы құжатты ресімдеуге және сұраным жіберуге қарсы болмаған жағдайда ғана өтінім жіберіледі.

Сотталғаны не сотталмағаны туралы анықтама жарамдылық мерзімі бар құжаттарға жатады. Сондықтан әрбір нақты жағдайда анықтаманың өзектілігі жеке бағаланады (сотпен, құзыретті органмен, талап еткен ұйыммен және т. б.)

Егер жұмыскеріңіз жұмысқа қабылдау кезінде жалған мәлімет не құжат ұсынғанын білсеңіз, оны жұмыстан шығаруға толық құқығыңыз бар. Ол үшін қызметкер өткізген жалған құжаттардың жұмысқа қабылдауға әрі жұмысты орындауға негіз болғанына көз жеткізуіңіз керек. Мысалы, педагогтік білімі туралы жалған диплом. Содан кейін жұмыскердің жалған мәлімет ұсынғаны туралы акт жасау керек. Еңбек заңнамасына, атап айтсақ, ЕК-нің 52-б. 1-т, 17) тарм. сілтеме жасай отырып, жұмыстан шығару туралы бұйрық шығарыңыз. Мұнда құжаттың жалған екендігін растаған ұйымның ресми жауабының деректемелерін көрсетіңіз. Жұмыскерді бұйрықпен таныстырып, қолын қойдырыңыз. Оның еңбек кітапшасына және жеке карточкасына жұмыстан шығару туралы жазба қалдырыңыз. Жұмыс істеген күндері үшін жалақы және еңбек демалысының пайдаланбаған күндері үшін өтемақы төлеңіз.

«Білім беру ұйымына жұмысқа қалай қабылдау керек». Рахимжанова Ж.Б.
© Материал из ЭС «ACTUALIS: Образование».
Подробнее: https://obr.mcfr.kz/#/document/16/207398/dfas7xbthf/?of=copy-2e7c95a500

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны №67 «Шұғыла» балабақшасы
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны №67 «Шұғыла» балабақшасы