ҚР, Астана қ., К. Әзірбаев к., 2/1
8 (7172) 34-60-26, 8 702 908 67 77
Меню

Астана қаласы әкімдігінің «№67 «Шұғыла» балабақшасы» мкқк

Қызметкерді педагогикалық лауазымға

Қызметкерді педагогикалық лауазымға
қалай қабылдау керек

2022 жылдан бастап педагогтарды жұмысқа қабылдау конкурс және нақты, өлшенетін өлшемшарт өткізу арқылы жаңа форматта жүргізіледі, яғни бос орын пайда болған кезде бос немесе уақытша бос лауазымға конкурс жариялау қажет. Тек шағын жинақталған мектептерде ғана бірыңғай жағдай – оларға конкурс жариялаудың қажеті жоқ. Аталған жаңа талаптар ҚР БҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтарын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығында жазылған.

Осылайша, енді жұмысқа орналасу кезінде үміткер-педагог конкурсқа қатысу туралы өтініш береді. Ол өзінің бағалау парағын қоса береді, онда барлық жетістігі, нәтижелері, еңбек өтілі, әкімшілік немесе әдістемелік қызмет тәжірибесі, курстық дайындық және т.б. көрсетіледі. Әрбір бағыт бойынша кандидат белгіленген өлшемшарт пен осы өлшемшартты бағалау шкаласына сәйкес өз бағасын дербес қояды. Конкурстық комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде баллдың растайтын құжаттарға сәйкестігін тексереді және осыдан кейін баллдың түпкілікті сомасын бекітеді. Бос жұмыс орнын баға саны көп үміткер алады.

«Білім беру ұйымына жұмысқа қалай қабылдау керек». Рахимжанова Ж.Б.
© Материал из ЭС «ACTUALIS: Образование».
Подробнее: https://obr.mcfr.kz/#/document/16/207398/dfasozgoyo/?of=copy-0e764f47c9

 

 

 

 

 

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны №67 «Шұғыла» балабақшасы
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны №67 «Шұғыла» балабақшасы