Конкурсқа қатысу үшін мұғалімнен
Конкурсқа қатысу үшін мұғалімнен
қандай құжаттар талап етіледі
Конкурсқа қатысуға үміткер педагогтар келесі құжаттарды ұсынуы керек:
- қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- Педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
- Ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтар және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
- бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің толтырылғанбағалау парағы.
- Тәжірибесі жоқ үміткердің бейнепрезентациясы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде құжаттарды біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды. Қарау нәтижелері бойынша комиссия үміткердің бағалау парағында көрсеткен ұпайларын есептейді. Конкурс қорытындысы бойынша конкурстық комиссия алынған балдар негізінде шешім қабылдайды. Ең көп балл жинаған үміткер конкурстан өткен болып есептеледі және бірінші басшыға тағайындауға ұсынылады.
Үміткерлерде балл саны тең болған кезде әңгімелесу жүргізу керек, оның нәтижелері бойынша тағайындауға үміткер айқындалады.
Конкурстық комиссия өз шешімін хаттамамен ресімдейді, оған комиссия төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асыратын хатшы қол қояды. Конкурс нәтижелері мемлекеттік ОҰ Интернет-ресурсында, конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өткізілетін күні ұйымның әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында жарияланады.
Содан кейін біліктілік талаптарына сәйкес келетін және конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған үміткермен басшы еңбек шартын жасасады және жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады.
«Білім беру ұйымына жұмысқа қалай қабылдау керек». Рахимжанова Ж.Б.
© Материал из ЭС «ACTUALIS: Образование».
Подробнее: https://obr.mcfr.kz/#/document/16/207398/dfasnt2go2/?of=copy-f3a2b1488e